Екібастұз мектептерінің бірінде сынып жетекшісіне сыйлыққа ақша жинаған
Әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі қаржы жинауға қарсы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іnstagram желісіндегі парақшалардың бірінде Екібастұз тұрғыны мектептердің бірінде сынып жетекшіге ата-аналар жаңа жылдық мереке қарсаңында ақша жинап, сыйлық сатып алынып жатқаны жайлы мәлімдеген.
– Ата-аналар сынып жетекші үшін барлығын жасауда. Әр мереке сайын сынып жетекшіге сыйлықтар жасап, көңілінен шығуға тырысады. Мектеп директорынан тиісті шараларды қолдануды сұраймын, – дейді желіде ата-аналардың бірі.
Бұл мәселеге қатысты Екібастұз қаласының білім беру бөлімінде білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салынғанын хабарлап, мұндай қадамдарға бармауға шақырды. Егер де мұндай жағдай орын алса, ақша жинаған адамның аты-жөнін көрсетуді сұрады.