Екібастұзда Жастар күніне орай жол қозғалысы уақытша шектеледі

Мәшһүр Жүсіп көшесімен Торайғыров көшесі және Әуезов көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысына жабылады, – деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің хабарлауынша, 12 тамыз күні «Ekibastuz – fest!» мерекелік іс-шарасы өтеді. Соған байланысты сағат 17:00-ден бастап іс-шаралар аяқталғанға дейін Мәшһүр Жүсіп көшесінен басталып, Торайғыров көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысына жабылады.
– Бұл уақытта қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді – автобустар Бауыржан Момышұлы көшесімен қатынайды, – деді бөлімде.
Бөлім қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап, жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.