Павлодарда жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 27 желтоқсанда Н.Назарбаев даңғылы бойындағы үйге қарама-қарсы жерде орын алды. «Лада Гранта» маркалы автокөліктің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті.  

– Зардап шеккен жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тексеріс жүргізілуде, – деді департаментте. 

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол бойында жаяу жүргіншілерді көрген кезде өте мұқият болуға шақырады.