Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті
Полиция тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 08.00 шамасында «Higer» маркалы автобус жүргізушісі Абай - Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
– Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.
Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.