Ақтоғайда азық-түлік дүкені отқа оранды

Ақтоғайда азық-түлік дүкені отқа оранды
pexels.com

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жедел деректерге сүйенсек, өрт туралы хабарлама 2 қазан күні таңертең түскен.

- Абай көшесі, 100/1 мекенжайында орналасқан супермаркетте жалпы ауданы 35 шаршы метр болатын тоңазытқыш пен азық – түлік жанып кетті, - деді Ақтоғай ауданының ТЖ бөлімі.

Тілміз жауды толықтай ауыздықтауға шамамен бір сағат уақыт қажет болған.

Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.