Тыйым салынған белгіге өткен: Павлодарда жаяу жүргінші көз жұмды

Тыйым салынған белгіге өткен: Павлодарда жаяу жүргінші көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 7.40-та Жібек жолы-С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында ВАЗ-2114 автомашинасының жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді департаментте. 

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін сақтау, көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.