«Екібастұзда» футболшылар алдындағы қарыз туралы түсініктеме берді
Клуб ойыншылар алдында жаппай қарыздар деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұз» футбол клубының директоры Азамат Әубәкіровтің айтуынша, берешек команданың төрт ойыншысының алдында ғана бар.
- Біз қарызды өтеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада мәселе шешілетін болады, - деп жауап берді «Екібастұз» ФК директоры.
Мәселе қала басшылығы мен облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту басқармасының бақылауында.
Команда Қазақстан футболының екінші дивизионында – Бірінші лигада өнер көрсетеді. Мәреге екі тур қалғанда «Екібастұз» кестеде алтыншы орында тұр, алдыңғы ойында Виталий Спарышевтің шәкірттері біріншілік көшбасшысы – Жезқазғанның «Ұлытауын» 4:3 есебімен жеңді.