Екібастұз футболшылары сенсация жасады
Бірінші лигадағы интрига шегіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілішсі.
Қазақстан чемпионатының 28-турында Виталий Спарышевтің шәкірттері өз алаңында Жезқазғанның «Ұлытауын» қабылдады. Жаңадан құрылған Ұлытау облысының клубы екі жыл бұрын ғана қайта жанданды, бірақ соған қарамастан Иван Азовскийдің командасы биыл қазақстандық футболдың элиталық дивизионына шығу мәселесін шешуге бел буды.
Бүгінгі күнге дейін қонақтардың аяқалысы тәуір болды: Жезқазғаннан келген ұжым кестеде көш бастады, алайда Екібастұзда бәрі басқаша өрбіді. Дегенмен, қонақтар бірінші болып гол соқты.
Есепті пенальтиден ардагер сұрмерген Жасұлан Молдақараев ашты. Бірақ таймның соңында Амаль Сейітов қарсыластың шабуылын тоқтатып, Максим Галкинді «Ұлытау» киперімен жекпе-жекке шығарды. «Екібастұз» форварды мүлт кетпеді.
Екінші таймда «Шахтер» стадионының жасыл алаңында нағыз кескілескен теке-тірес басталды, қарсыластар кезек-кезек алға шықты. Ақыры 3:2 есебімен финалдық ысқырықтан 15 минут бұрын қонақтардың пайдасына Бауыржан Рахмет допты Амаль Сейітовке тастады, ол жақын қашықтықтан қонақтардың қақпашысын қапыда қалдырса, төрт минуттан кейін Даниял Кәкенов матчтың нүктесін қойды. Нәтижесінде 4:3.
Жеңілістен кейін «Ұлытау» кестенің үшінші орнына түсіп, көшбасшылықты Көкшетаудың «Оқжетпесіне» беріп қойды. Екінші «Қайрат-Жастар», көшбасшыдан тоғыз ұпайға артта қалып келе жатқан «Екібастұз» алтыншы орында.