Екібастұзда мерекеге орай жолдар жабылады

Екібастұзда мерекеге орай жолдар жабылады
Фото: Константин Шелков

Кешке дейін көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

3 тамызда «Өнер» мәдениет үйінің алаңында Теміржолшылар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сол себептен Энергетиков көшесінен бастап Е.Көшербаев көшесіне дейін Әуезов көшесіндегі жол жабылады. Шектеулер сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін болады.

Энергетиков көшесінің бойымен жүретін автобустар Кеншілер – Е.Көшербаев көшесіне шығады.

Естеріңізге сала кетейік, мереке күніне орай қала тұрғындары отшашу мен шетелдік әншілердің өнерін тамашалайды.