Павлодар өңіріндегі республикалық жол учаскесі жабылды
Ауа райының нашарлауы мен көріну қашықтығының төмендеуі себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қараша күні сағат 20:30-да ауа райының нашарлауына және көрінудің төмендеуіне байланысты «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Урлютюбе өткізу пункті)» республикалық маңызы бар автожолдың 427–587 шақырым аралығында, яғни Кенжекөл кентінен Абай облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.