Екібастұзда самокат кесірінен 60 жастағы әйел тобығын сындырды

Павлодарда да зейнеткерді самокат қағып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өткен демалыс күндері Павлодар облыстық жедел жәрдем бригадалары үшін қарбалас болды. «103» қызметі бірнеше ірі жол-көлік оқиғасына шықты.
16 мамыр күні Павлодар қаласындағы Ломов – Катаев көшелерінің қиылысында 8 жасар бала көлік астына түсті. Баланың тобық тұсы жарақаттанды. Ол облыстық балалар ауруханасына анасының ертуімен жеткізілді.
– Сол күні Екібастұзда самокат мінген адам 60 жастағы әйелді қағып кетті. Әйел тобық сүйегінің жабық сынуы және басқа дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. 18 мамыр күні Павлодарда ұқсас жағдай тіркелді. Самокат жүргізушісі 1949 жылы туған әйелді қағып кеткен. Бет аймағындағы жарақаттармен ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді станцияда.
Еске сала кетейік, сенбіде Павлодар – Семей тас жолындағы жол-көлік оқиғасында бес бала зардап шекті.