Павлодарда ер адам биіктен құлап, көз жұмды

Павлодарда ер адам биіктен құлап, көз жұмды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы қоңырау 17 мамырда сағат 18:36-да түсті. 

– Малайсары батыр көшесінде шамамен 30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды. Ол биіктіктен құлағандықтан, өмірімен үйлеспейтін жарақат алып, қайтыс болды, – деді станцияда.

Айта кетейік, мекенжай бойынша орналасқан үйде 12 қабат бар.

Полиция департаменті аулада табылған мүрдеге қатысты сотқа дейінгі тексеру бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.