Кенжекөлде жүргізуші жаңа жылдық шыршаны «шыр айналған»

Тәртіп сақшыларына бұл ұнаған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
22 желтоқсанда ауылдың орталық алаңында «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзған. Жол полициясымен ҚР ӘҚБК-нің 595-бабы бойынша 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу арқылы әкімшілік хаттама толтырылды.
Кейін «ВАЗ-2114» көлік жүргізушісі адам өміріне қауіп төндіріп, осындай заңбұзушылыққа барған. Анықталған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтарын көлік жүргізу кезінде жол ережесін сақтап, апаттық жағдай туғызбауға шақырады.