Павлодарда алимент төлемеген азамат бас бостандығынан айырылды

Павлодарда алимент төлемеген азамат бас бостандығынан айырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сот отырысы ашық түрде өтті, оған алимент төлемей жүрген басқа азаматтар да қатыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс облыс прокуратурасының үйлестіруімен ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қозғалды. Тергеу барысында оның 7 миллион теңгеден астам қарызы анықталған.

– Сот отырысы ашық түрде өтіп, көрсетілімдік сипатта болды. Процеске алиментті қасақана төлемеген бірқатар тұлғалар арнайы шақыртылып, өз міндеттерінен жалтарудың салдарын көзбен көрді. Сот үкімімен айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді облыстық прокуратураның баспасөз орталығы.

Прокуратура алимент төлемеу қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылық екенін еске салады. ҚК-нің 139-бабына сәйкес, мұндай әрекет үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.