Екібастұзда отқа оранған көлік сегіз минутта сөндірілді

Екібастұзда отқа оранған көлік сегіз минутта сөндірілді
Фото: ТЖД

Өрт 6 шаршы метрде орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат кешкі 23.06-да өрт сөндіру қызметіне Әуезов көшесі, 81 мекенжайы бойынша көлік  өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен. 

–  Оқиға орнына 4 өрт сөндіруші мен бір техника жөнелтілген. Көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртенген. Көліктің көлемі 6 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 23.20-да жетті, тілсіз жау сағат 23.28-де сөндірілді, –  дейді департаментте. 

Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.