Павлодарда бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі
Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусым күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін келесі мекенжайларда сумен қамту уақытша тоқтатылады:
- Нұркин көшесі, 35;
- Жамбыл көшесі, 1-6 үйлер;
- Гагарин көшесі 65, 67;
- Баратбаев көшесі, 12;
- Теплов көшесі, 34, 34/2, 36, 36/1, 38, 38/2.
Қалалық қызметтер тұрғындардан суды алдын ала жинап қоюды сұрайды.