Екібастұзда жұмыссыз азаматтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады
Тұрғындар өзімен бірге жеке куәлігін алып келуі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласының мансап орталығы филиалы «AMANAT» партиясымен бірге бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.
– Жұмыссыз және жұмыс іздеуші азаматтарды, алимент бойынша берешегі бар, пробациялық қызметте тіркеуде тұрған және мүмкіндігі шектеулі азаматтар келіп, кеңес ала алады, – деді орталықта.
Бос орындар жәрмеңкесі 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де М.Әуезов көшесі, 47Б мекенжайы бойынша өтеді.