Павлодар бағытында жүретін пойызды тазалайтын компанияға айыппұл салынды

Павлодар бағытында жүретін пойызды тазалайтын компанияға айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Rail-news.kz мәліметінше, жолаушылардың тазалық жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілді.

Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және тағы басқа бағытта жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті. Ереже бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлер біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар, – деп жазылған хабарламада.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралатын болады.  

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралатын болады.

ҚТЖ кез келген бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстана отырып, жолаушыларды клинингтік қызметтер сапасыздығына, пойыздардағы тазалыққа байланысты басқа да сәйкессіздіктер фактілерді фото, аудио және бейне материалдарымен @Jolaushylar_tasymaly Instagram парақшасына (direct) немесе +7 776 714 5686 ватсап-нөмірі бойынша  жіберуге шақырады.