Екінші Павлодарда уақытша жол жабылады

Екінші Павлодарда уақытша жол жабылады
Фото ашық дереккөзден

Оған Салтыков-Щедрин көшесіне жүргізілетін орташа жөндеу жұмысы себеп болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі мәлімдеді.

- Қамзин көшесінен Российская көшесіне дейінгі Салтыков-Щедрин көшесіне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 7-8 қазан күндері жолдың аталған учаскесі жабылады, - делінген хабарламада.

Бөлім туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындарға бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.