Павлодарлық құқарушы: Отшашудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін
ТЖД қызметкерлері мереке қарсаңында пиротехникалық заттарды қолдану ережелерін еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишанов мәлім етті.
– Адамдар петардалар, отшашуларды атқаннан кейін от шықса, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкін, – деді Ренат Валишанов.
Оның сөзінше, егер келтірілген залал шамалы болып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, онда тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ал отшашуды пайдаланған кезде ірі өрт шығып, материалдық залал келтіріліп, жарақат пен өлімге әкеп соқса, қылмыстық іс қозғалып, 20-30 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Еске сала кетейік, 24 желтоқсанда екі жасөспірім отшашу жағып, балконда өрт шығарған. ТЖД қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.