Былқылдақ өзенінде бұрғылау және саңылауларды орнату жалғасуда
Бүгінде жұмыстың жартысынан көбі орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Былқылдақ көліне қатысты мәселе әлі де өзекті. Аталған сұрақ Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басты назарында.
– Өзен маңындағы құрылыс жұмысын бақылау мақсатында солтүстік өнеркәсіп аумағына бардым. Бұл шара қоршаған ортаға аса қажет деп білемін, – дейді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Айгерім Қабылтаева.
Қазіргі таңда жұмыстың 70% орындалды. Бұрғылау және саңылауларды орнату жүргізілуде.
Құрлысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, мамандар ондаған жылдар бойы химиялық зауыттың қалдықтарымен ластанған су қоймасын экологиялық апатты аймаққа жатқызды. Жергілікті ғалымдар сынаппен ластанған жерлерді бейтараптандыру технологиясын сынақтан өткізді. Зерттеу жұмыстарына жапондық препарат қолданылды.