Павлодарда ХҚКО-лар мамыр мерекелерінде қалай жұмыс істейді

Павлодарда ХҚКО-лар мамыр мерекелерінде қалай жұмыс істейді

Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz. 

- Қазақстандықтар мамыр айында: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы мерекелерге байланысты өңірдегі ХҚКО-лар мен МХҚО 1, 8 және 9 мамыр күндері жұмыс істемейді, – деп жазылған «Азаматтарға арналған үкімет» МК Павлодар облыстық филиалының хабарламасында. 

Айта кетейік, сенбі 6 мамыр күні кезекші Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы мен Космонавтар көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл күні азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар – жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.