Еліміздің жүз биатлоншысы Павлодарда күш сынасады

Еліміздің жүз биатлоншысы Павлодарда күш сынасады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үздік командалар ерекше жүлдеге ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтар күні сағат 12:00-де «Grand Tour Biathlon» биатлонынан балалар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының ашылуы өтеді.

Еліміздің 8 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

– Жеңімпаздарды ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтар күтеді, мысалы, спринт және жеке жарыс көшбасшылары үшін әр кезеңнен кейін көшбасшының аралық, атаулы жейдесі, маусымның жалпы көшбасшысының сары жейдесі және жарыс дизайнымен жеңімпаздың атаулы Кубогы, – дейді ұйымдастырушылар.

Сондай ақ, үздік 3-5 команда балалар құрал-жабдықтарын сатып алуға ақшалай сертификаттар алады және 2008-2010 жылы туған үздік спортшылар рейтинг қорытындысы бойынша 10-15 сәуір аралығында Норвегияға және 2024 жылғы желтоқсанда Словенияға Sport Camp IBU фестиваліне жолдама алады.

Жарыс бағдарламасы:

  • 18 ақпан – келу күні;
  • 19 ақпан – ресми жаттығу;
  • 20 ақпан – спринт;
  • 21 ақпан – жеке жарыс;
  • 22 ақпан – демалыс күні;
  • 23 ақпан – эстафета;
  • 24 ақпан – кету күні.

Соңғы кезеңнің жеңімпаздары көшбасшының аралық, қызыл жейдесінен басталады.

Өтетін орны: Шаңғы базасы, Усолка көшесі, 2А.