Екібастұзда мұз үстіндегі қысқы эстафета өтеді

Екібастұзда мұз үстіндегі қысқы эстафета өтеді
Фото: pixabay.com

Келген тұрғындарға тегін коньки ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 5 қаңтарда «Менің ауламдағы спорт» жобасы аясында өтетін қысқы демалысқа арналған мұз үстінде жаппай сырғанау спорттық эстафетасы ұйымдастырылады. Барлық қатысушыларға коньки тегін таратылады.

Эстафета сағат 12:00- де Әуезов көшесі, 21 А мекенжайындағы хоккей кортында өтеді.