Павлодарлықтарға жылжымайтын мүлікке қатысты хабарламалар жіберіледі
Азаматтарға мемлекеттік жылжымайтын мүлік тізілімі арқылы олардың жылжымайтын мүліктеріне заңды құқықтарды тіркеу, өзгерту және жою туралы өзекті ақпаратты беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облыстың филиалының мәліметінше, сервис адамдардың меншік құқықтарын тіркеуге, құқықтарын шектеу мен қамауға алуға, сондай-ақ электрондық үкімет порталының ақпараттық жүйесінде қателер анықталған жағдайда түзетулер енгізу туралы хабарламалар жібереді.
Жаңа қызмет түрі «жылжымайтын мүлікті есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін» енгізу кезінде автоматтандыру процесінің бөлігі ретінде құрылды.
– Пайдаланушылардың мемлекеттік тіркеу жүйесіндегі мүліктеріне қатысты кез келген өзгерістерді «eGov.kz» сайтындағы электрондық үкіметтен келетін хабарламалар мен PUSH-хабарламалар арқылы қадағалауға мүмкіндігі бар, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, хабарландырудың жаңа тетігі азаматтардың жеке деректерін қорғауды жақсартуға, операцияларды бақылауды күшейтуге және пайдаланушылар үшін шұғыл ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге арналған.