Президент Екібастұздық зауыт жұмысшысының еңбегін ерекше еледі

Сыйды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыс етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі атап өткендей, Асайын Байханов Екібастұз қаласының тұрғындары мен сала қызметкерлерін құттықтап, көлік қызметкерлерінің жауапты жұмысы – бүкіл еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен дамуының негізінің бірі екеніне тоқталды.
- Бүгінгі таңда өңірде қалалар мен ауылдарды байланыстыратын 6000 шақырымнан астам автокөлік және теміржол жолдары жұмыс істейді. Жыл сайын осы жолдар арқылы 150 млн тоннадан астам жүк тасымалданады, - деп атап өтті әкім.
Мерекеге орай, кәсібіне адалдығы, саланың дамуына қосқан үлесі үшін Асайын Байханов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапаттар тапсырды. «Құрмет» орденін «ПРОММАШ.КZ» ЖШС директоры Алексей Анисимов алды.
«Құрметті теміржолшы» атағы «Railways Systems KZ» ЖШС өкілдері Артус Хачатурян мен «ПРОММАШ.КZ» ТОО өкілдері Виктор Пузинге берілді. Сондай-ақ, бірқатар облыс тұрғыны Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.
Мерекелік концерт эстрада жұлдыздары Artik&Asti тобы мен Дмитрий Маликовтың қатысуымен өтті. Кеш отшашумен аяқталды.
Фото: Валерий Бугаев