Ертіс ауданының оқушысы сексен өлеңді жатқа оқып жарысты
«Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі» атты Мүбәрак Жаманбалиновтың оқулары өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, белгілі ақын, өлкетанушы, журналисттің 100 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өтуде. № 2 Ертіс мектебінің негізінде аудандық «Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі» атты Мүбәрак Жаманбалинов оқулары ұйымдастырылды. Оқуларға 1-4 бастауыш сынып оқушылары қатысты.
– Бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, – деп хабарлады ауданның білім бөлімінде. – Қарақұдық мектебінің 4-сынып оқушысы Үмітжан Қожайберды Мүбарак Жаманбалиновтың 80 өлеңін оқыды. Ол «Ана тілі» деген сүйікті өлеңімен бірінші орынға ие болды.
Еске сала кетейік, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Мүбәрак Жаманбалиновтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балбұлақ жырдың бастауы» атты әдеби-танымдық конференциясы өткен болатын.