Павлодарда бес жүзге жуық тұрғын қазақ тілінен тегін курстарды өтті

Павлодарда бес жүзге жуық тұрғын қазақ тілінен тегін курстарды өтті

Жаз бойы сегіз шағын ауданда өткен сабақтар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарлауынша, маусым-тамыз айларында түрлі санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін оқытудың тегін курстары аяқталды.

– Қала тұрғындарына барынша ыңғайлы болу үшін қазақ тіліне оқыту бойынша тегін курстар алғашқы рет қаланың сегіз шағын ауданда ұйымдастырылды. Сабақтарды аптасына үш рет «Ана тілі» орталығы өткізді. Оқушыларға тегін оқу құралдары мен «Ана тілі» мобильді қосымшасы ұсынылды. Курс қатысушыларына оқытудан өткені туралы сертификаттар берілді, – деді бөлімде. 

Сабақтарды жоғары санатты мұғалім Шолпан Кинжикова және «Ана тілі» орталығының оқытушылары, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің магистр дәрежесі бар жоғары санатты оқытушылары өткізді. Білім алушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ тілін оқыту бойынша үш онлайн топ құрылған.

– Жалпы, үш айлық курстарға 200 адам қатысып, оқыды. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер, денсаулық сақтау, білім беру, қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлері. Оның 118-і жергілікті емес ұлт өкілдері, – деді бөлімде.

Ал жыл басынан бері қазақ тілін оқыту бойынша тегін курстарда 425 адам оқыды.