Ертіс ауданында автокөліктердің өтуі үшін құбырлар салынды
Жолды қардың күрт еруіне байланысты су басқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдарының ұлттық операторы облыстық филиалының мәліметінше, «Атамекен - Ертіс-Русская Поляна» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 209 шақырымы - Ертіс ауданы Ұзынсу ауылының маңында автокөлік құралдарының өтуін қамтамасыз ету үшін металл су өткізу құбырларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталмыш жұмыстарға 12 адам, алты автосамосвал, бір тиегіш, бір кран, сегіз техника жұмылдырылды. Бұл учаскіде 2024 жылдың 3 сәуірінен бастап қозғалыс шектелді. Тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.
Еске сала кетейік, Ертіс ауданында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тоғыз адамды эвакуациялаған еді. Оның ішінде жетеуі – бала, екеуі – ересек адам, біреуі – мүмкіндігі шектеулі адам және бір жүкті әйел адам бар.