Павлодарда ауласын өзі тазалаған тұрғын марапатталды
Оның әрекеті қала тұрғындарына үлгі ретінде бағаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда қала тазалығына үлес қосқан тұрғын Елена Александровнаға облыс әкімі Асайын Байхановтың атынан Алғыс хат табысталды.
– Жуырда ол тұрып жатқан үйінің ауласын өз күшімен тазалауға кірісіп, өзгеге үлгі боларлық ісін бейнежазба арқылы жариялаған болатын. Мұндай әрекет – шынайы жанашырлықтың көрінісі әрі туған қалаға деген қамқорлықтың айқын дәлелі. Шынында да, айналамыздағы тазалық пен тәртіп осындай қарапайым, бірақ маңызды қадамдардан бастау алады, – деп жазды Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында.
Ол Елена Александровнаға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың қала көркі мен жайлылығына оң әсер ететінін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram