«Ертіс орманы» резерваты заманауи техникамен толықты

Техникалық қолдау – табиғатты сақтауға жасалған нақты қадам, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи резерват Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен заманауи, өрт сөндіру жабдықтарымен жарақталған арнайы техникалармен толықты.
– Автопаркіміз 34 шағын өрт сөндіру кешенімен және 15 трактормен жаңартылды. Бұл техника орман өрттерінің алдын алу, патрульдік жұмыстар мен жедел әрекет етуге үлкен серпін береді, – дейді «Ертіс орманы» резерватында.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдау – орманды қорғау ісінің мемлекеттік басымдыққа айналғанының нақты дәлелі. Әсіресе климат өзгеріп, ауа райы құбылмалы болып тұрған қазіргі кезде өте маңызды.
Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді жаппай көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында екі миллиард ағаш отырғызу жоспарланған. Осы игі бастамаға «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты өз үлесін қосуда. Мұнда жыл сайын 12 миллионнан астам қарағай көшеті отырғызылады.
«Ертіс орманы» резерватында ағаш отырғызу көлемі 2114,5 гектарға жоспарланған. Алайда 2024 жылы бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бұл көлем 2500 гектарға дейін ұлғайтылды. Ал биыл резерват аумағында 12 миллионнан астам көшет отырғызылады.