Павлодарлық мобилограф туған ауылының сұлулығын биіктен көрсетті

Павлодарлық мобилограф туған ауылының сұлулығын биіктен көрсетті
Фото: Аман Қанат

Баянауыл ауданының тұрғыны хоббиін өнерге айналдырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

22 жастағы Аман Қанат – Қаражар ауылының тумасы. Ол туған жерінің ерекше көріністерін биіктен түсіріп, көпшілікпен бөлісті. Жас мобилограф дрон сатып алып, оған «Лашын» деген ат қойды. Осылайша, жұртшылыққа туған өлкесінің сұлулығын көрсетуді мақсат етті.

Аманның басты мақсаты  Баянауыл ұлттық паркінде мекендейтін бұғыларды бейнелеу еді. Алайда бұл оңай шаруа болмады.

– Алдымен жабайы жануарларды іздеуге тура келді. Кейін олардың қай жерлерде жиі жүретінін анықтап, бақылау арқылы қай уақытта жайылымға шығатынын білдім. Бір күннің ішінде 18 бұғыны санап, дронға түсіріп алдым. Бұл мен үшін үлкен олжа болды, – дейді Аман.

Жануарлар Қаражардан небәрі төрт шақырым жерде жүрген. Лашынның қырағы объективіне сондай-ақ еліктер, қабандар мен арқарлар да ілікті.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым мен пікір жинады. Қолданушылар Баянауыл табиғатының сұлулығы мен байлығына тағы бір мәрте көз жеткізіп, мұндай кадрлар туған жерге деген мақтаныш сезімін оятатынын атап өтті.

Қаңтар айының басында «Ертіс орманы» аумағында еліктердің бір үйірі орманшылардың фототұзақтарына түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tabigatym (@_tabigatym)