Кенжекөл мен Павлодар, Ақсуда шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жүргізілуде
Зиянкестермен күресушілер бірінші кезекте облыс жайылымдарына бақылау жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, ғылыми топтың ұсынысы бойынша 5 мамыр күні сағат сағат 06:00-дан бастап А3,14, А1,А4 әуе өрістеріне авиаөңдеу жүргізіледі. Мердігер – «QSM Engineering» ЖШС.
– Сағат 08:00-ден бастап 7,15 әуе өрістеріне авиаөңдеу жүргізіледі. Сағат 09:00-ден бастап Павлодар, Ақсу қалаларының жайылмаларына фенологиялық бақылау жасалады. Бұл жұмыстарды «QSM Engineering» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы атқарады, – деді басқармада.
Шыбын-шіркейге қарсы ғылыми жұмыстар «TEK.A.TEK.kz» ЖШС-нің сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. Жұмыстардың барлығы тапсырыс беруші мен ғылыми жұмыстарды атқарушы мамандарының тікелей қатысуымен жүргізілетін болады.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте А2, А3, А15,А16 әуе өрістеріне өңдеу жүргізілді. Сондай-ақ, Павлодар, Ақсу қалаларының жайылмаларына фенологиялық бақылау жасалды.