«Астана–Павлодар» автожолының Павлодар облысындағы учаскесі жөнделуде

«Астана–Павлодар» автожолының Павлодар облысындағы учаскесі жөнделуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол жөндеу жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында республикалық маңызы бар «KAZ-04 Астана–Шідерті–Павлодар–Успенка–РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті)» автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жөндеу жұмыстары жолдың 230,544–253,120 шақырымдары аралығында жүргізілуде. Жобаның жалпы ұзындығы 22,576 шақырымды құрайды.

Жоба аясында қазіргі уақытқа дейін бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда 0,2 шақырым жол жабыны жонылып, 22,4 шақырымда жол негізі суық жону әдісімен нығайтылды. Ал 22,4 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабаты төселді.

– Жоба толық аяқталғаннан кейін жол учаскесінің көлік-пайдалану көрсеткіштері жақсарып, қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығы артады. Бұл өз кезегінде Павлодар облысындағы көлік қатынасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Айта кетелік, жөндеу жұмыстарына 46 маман және 29 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.