Павлодарлықтарды шипажайларда емделуге шақырады

Павлодарлықтарды шипажайларда емделуге шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары үшін оңалту құралдары да қарастырылған, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманованың қатысуымен өткен жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова айтты.

Мүгедектердің оңалту құралдары мен қызметтерін көрсетуге берген 11 475 өтінішінің 57,4 пайызы орындалды, – деді басқарма басшысы. – Ең төмен көрсеткіш санаториялық-курорттық емдеуде байқалады. Өтінім берген 2157 адамның 85-і ғана демалысқа шықты.

Биыл мүгедектерді әлеуметтендіруге және қымбат тұратын оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сөйлеу процессорларын кохлеарлы имплантқа ауыстыруға және реттеуге 2,2 миллиард теңге қарастырылған.

Бұл ретте облыста онкологиялық және жүйке жүйесі дертіне шалдыққандар арасында мүгедектік көбейген. Сонымен қатар, балаларда эндокриндік аурулар, психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстары көбеюде.

Облыста барлығы 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 500 адамға аз.