Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары қандай?

Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары қандай?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі күнделікті мониторинг жүргізіп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бөлім сауда желілерінің басшыларымен өндірушінің сату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан аспайтын 15 пайыздық рұқсат етілген сауда үстемесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қалада бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Оның өнімдері Павлодар қаласының тұрақтандыру қорының 110 серіктес дүкенінде сатылады. 

Аталған дүкендерде келесі 9 тауар түрі қолжетімді: бірінші сортты ұн – 136 теңге/кг, тұз – 65 теңге/кг, макарон өнімдері – 260 теңге/кг, қант – 410 теңге/кг, күріш – 377 теңге/кг, күнбағыс майы – 648 теңге/литр, пияз – 70 теңге/кг, қырыққабат – 137 теңге/кг, картоп – 105 теңге/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтеру фактілеріне жедел ден қою үшін бөлімде +7(7182)20-91-71, 32-07-30 сенім телефондары жұмыс істейді.