Павлодар қаласының тұрғындары инспекция басшысына сұрақтарын қоя алады

Павлодар қаласының тұрғындары инспекция басшысына сұрақтарын қоя алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу «Open Akimat» облыстық азаматтарды қабылдау орталығында өтетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 30 қаңтар, 27 ақпан және 26 наурыз күндері инспекция басшысы Руслан Тулепбаев азаматтарды жеке қабылдау шарасын өткізеді.

Кездесу уақыты – 12:00-ден 13:00-ге дейін.

Жазылу үшін астындағы телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

+7 (7182) 607901, +7 (771) 216-39-90