Міндеттер көп: Асайын Байханов Павлодардың қысқы уақытқа дайындығын тексерді

Міндеттер көп: Асайын Байханов Павлодардың қысқы уақытқа дайындығын тексерді
Фото: Валерий Бугаев

Ол Зеленстрой, Екінші Павлодар және МДС шағын аудандарын аралап қайтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы облыс орталығын аралап, коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың қысқы кезеңге дайындығын тексерді. Қысқы маусымда көшелерді тазалауға 228 бірлік көпфункционалды мамандандырылған техника дайын. Асайын Байханов мердігерлерге қарды уақытылы тазалау және шығару процесін нақты ұйымдастыруға баса назар аударуды тапсырды.

–  Логистиканы пысықтаңыздар және қар қалың жауған кезде тазалау жұмыстары тек қала орталығымен шектеліп қалмау керек. Қарбалас уақытта көліктердің кептелісін болдырмау қажет. Күшейтілген режимде жұмыс өтуі тиіс, – облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс орталығын аралау кезінде Олжабай батыр көшесі, 7 мекен жайы бойынша орналасқан үйдің қасында жасалған шағын скверге барды. Жаздың аяғына дейін он сквер ретке келтірілді. Атап айтқанда, Қамзин көшесі, 8, Малайсары батыр көшесі, 12, Олжабай батыр көшесі, 54 және Олжабай батыр мен Қайырбаев, 36 көшелерінің бойында, Нұркин-Толстой, Торайғыров, 89 аудандарында және №2 мектептің жанындағы шағын скверлер.

–  Жайлы скверлердің пайда болуы қаланың ландшафтын өзгертеді. Осындай форматтағы орындарды жасауды әрі қарай да жалғастыруды жоспарлап жатырмыз,– деп атап өтті аймақ басшысы.

Бұдан бөлек Асайын Байханов Екінші Павлодардағы Щедрин көшесіндегі жолдың жөндеу барысын тексерді. Аталған учаскедегі жұмыстар Қамзин көшесінен Днепропетровская көшесіне дейінгі аралықта орындалып, Жібек Жолы көшесімен аяқталады.

Жұмыстарды сапалы орындау - мердігерлердің беделі,– деді облыс әкімі.


Одан әрі Асайын Байханов орталық кәріз желісінің құрылысы мен жолдардың жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Зеленстрой шағын ауданында болды. Мұнда жеті көшеде өздігінен ағатын коллекторды төсеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстар бес көшеде жүргізілуде: Жигарев, жартылай Әлсейітов, Цефта, Достық, Шашкин. Облыс әкімі жазда желілер төселген учаскелерді дұрыс қалыпқа келтіруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, аймақ басшысы бұрын-соңды мүлдем асфальт болмаған МДС ауданындағы асфальт төселген жолдарды қарап шықты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Асайын Байханов қала билігі мен коммуналдық қызметтердің алдында тұрған міндеттер көп екенін және ТҮКШ жұмысының тиімділігін павлодарлықтар бағалайтынын атап өтті.