Павлодар ЖЭО-3-те жөндеу науқаны басталды
Наурыз айында жоспарлы жөндеуге №3 қазан агрегаты мен №3 турбоагрегат шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Жұмыстардың басты мақсаты –станцияны келесі жылыту маусымында сенімді әрі үздіксіз жұмысқа дайындау.
№3 турбоагрегатта реттеу жүйесі мен сорғы жабдықтары бойынша жұмыстардың шамамен 50 пайызы орындалды.
– Қатар жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында генераторды роторын шығару арқылы жөндеп жатырмыз. Агрегатты күрделі жаңарту жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартып, сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді турбиналық цехтың жөндеу жөніндегі басшысының орынбасар Виктор Поляков.
Қазандық цехта №3 қазан агрегатын және оның қосалқы жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
– Жоспарда ауа қыздырғыштарының кубтарын ауыстыру бар. Бұл – қазан жұмысының тиімділігіне тікелей әсер ететін негізгі элементтер, – деп түсіндірді қазандық цехының пайдалану жөніндегі басшысының орынбасары міндетін атқарушы Павел Карауш.
Жүргізіліп жатқан шаралар кешені қазан агрегатының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.