Екібастұзда электр энергиясы шығыны ақпан айының соңында сараланады

Екібастұзда электр энергиясы шығыны ақпан айының соңында сараланады

Кеншілер қаласының тұрғындары апатқа дейін  орташа есеппен әр пәтерде электр жарығы үшін 3,5-5 мың теңге төлесе, қазір бұл сома 10-15 мың теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал мәлім етті.

– 2022 жылдың желтоқсан айында Екібастұз қаласының тұрғындарына электр энергиясы үшін 240 миллион теңгеге жуық өтемақы төленген. Станциядағы температура параметрлері  біраз қалпына келтірілгенімен, қала тұрғындары әлі де электр жылытқыштарын пайдаланады. Өтемақы төлеу мәселесі өте күрделі. «Горэлектросеть» компаниясының «Екібастұзжылуэнергоға» еш қатысы жоқ, біз барлық қаражатты тұрғындардың электр энергиясының өтемақысына жұмсай алмаймыз,  – деді Бағдат Орал.

Оның айтуынша, жылу және электр энергиясы бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы нәтижесі айдың соңында белгілі болса, қаңтарда 8 ақпанда  шыққан. Осылайша, өтемақы туралы қандай да бір шешімдер наурыз айының басынан ерте қабылданбайды. 

Облыс әкімі бұл мәселенің Үкіметте де талқыланып жатқанын  атап өтті. 

–  Қандай параметрлер бойынша шешім қабылданатынын әзірге нақты айта алмаймыз, бірақ бұл мәселе он шақты күннен бері <…> талқыланып жатыр, – деп атап өтті Асайын Байханов.

Аймақ басшысы талқылаулар мен келісімдердің нәтижесі белгілі болған бойда қала тұрғындарына хабарланатынын жеткізді.