Павлодар облысында жол ақаулары үшін жауаптылар жазаланды

Павлодар облысында жол ақаулары үшін жауаптылар жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері екі мың шақырымға жуық автожол тексерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция қызметкерлері 51 ақауды анықтап, оларды жою үшін 35 ұйғарым берді.

– Жолдарды жөндеу, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау бойынша талаптарды орындамағаны үшін бес лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына айыппұл салынды. Сонымен қатар, анықталған ақауларды жою міндеттелді, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары мұндай іс-шаралардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.