Майқайың кенішіндегі шұңқырға дейін 40 метрден астам жолды қазу қажет
Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.
Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет. Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде.
Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.
Еске сала кетейік, 9 қаңтарда ТЖД құтқарушыларын маркшейдер маманмен бірге топырақтың қозғалысын және шұңқыр түбінің өзгерісін анықтау үшін төменге түсіру жоспарланған.