Екібастұзда зейнеткер аулада көз жұмды

Екібастұзда зейнеткер аулада көз жұмды
Фото: Константин Шелков

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні  сағат 12.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 151 «В» үйдің ауласында 32 жастағы ГАЗ-33021 маркалы автомашинаның жүргізушісі артқа қарай жүрген кезде 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

 – Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылып, сол күні кешке  алған дене жарақаттарынан қайтыс болды, – деді департаментте. 

ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 96 ЖКО тіркеліп, 11 адам қаза тапты, 138 адам жарақат алды.