Павлодарлық жас әншілер Еуропаға шақыру алды
«Almaty – Mega – Talent» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауы Алматыда өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Арман шоу» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері конкурстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Енді олар 2025 жылы Германияда өтетін байқауда өнер көрсетеді.
Байқаудың мақсаты – өнердің түрлі стильдері мен бағыттарын білдіретін балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық потенциалын дамыту, шығармашылықты насихаттау және дамыту.
– Ұжым «Эстрадалық вокал» номинациясына қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша Бас жүлде мен шақыруды Томирис Ғалым «I see red» әнімен, Аружан Керемхан «Skyfall» әнімен, Ибрагим Қайырболат «Beggin» әнімен алды, – дейді облыстық білім беру басқармасында.
Бірінші орынды Арухан Тілектес, Әмина Тілектес, Адель Ғалым, Қарақат Медетбек, Асанәлі Қонқаев иеленді. Олар «Цвети земля», «Unstoppable», «Вера», «I wish», «Екі жұлдыз» әндерін орындады.
Екінші орынға воскалистер Аружан Жанайдар «Аnywhere but here», Айлин Байбусинова «Япурай» әндерімен ие болды.
Әр қатысушы, жеңімпаз және жүлдегер медаль және дипломдармен марапатталды. Педагог, «Арман шоу» вокалдық студиясының жетекшісі Ғалия Жанкаринова Алғыс хатпен марапатталды.