Наурызда Павлодар облысында жауын-шашын нормадан көп түседі

Наурызда Павлодар облысында жауын-шашын нормадан көп түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер көктемнің алғашқы айында болатын ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, наурызда орташа ауа температурасы -4,0...-7,6 °С болады. Бұл нормаға жақын (норма: - 4,8...-7,9 °С).

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -7...-12°С-тан -12...-17°С шамасында, облыстың шығысында -15...-22°С, күндіз -1...-6°С-тан -6...-11°С, оңтүстігінде +2°С-тан -1°С -қа дейін төмендеуі күтіледі. 

Содан кейін сынап бағанасы -2...+3°С дейін, күндіз +2...+7°С дейін көтеріледі. 

Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі. Түнде -12...-17°С-тан-7...-12°С-қа дейін,облыстың солтүстігінде -22°С-тан -17°С-қа дейін, күндіз – 8....-13°С-тан-3....-8°С-қа дейін болады деп болжануда.

Үшінші онкүндікте ауа температурасының бірте-бірте жоғарылауы күтіледі. Түнде -5...-10°С-тан -3...+2°С-қа дейін, күндіз -2...+3°С-тан +5....+10°С-қа дейін. 

Жауын-шашын мөлшеріай нормадан көп күтіледі (норма:12-21 мм).

Айдың басында және соңына қарай жаңбыр, аралас қар түссе, наурыздың ортасында боран күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.