Павлодар ауданында жылқылар егінді таптап кеткен

Павлодар ауданында жылқылар егінді таптап кеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылқылардың иесі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Луганск ауылының маңында учаскелік инспектор 70 бас жылқы табынын байқаған. 

– Жылқылар шаруа қожалықтарының біріне тиесілі бидай егілген алқапта қараусыз жайылып, егінді құртқан.  Жылқы иесі анықталды, ол шаруа қожалықтарының бірінің басшысы болып шықты, – деді департаментте. 

Егінді құртқаны үшін жануарлардың иесі жауапқа тартылып,  20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.