Павлодарлық театр халықаралық фестивальде қос жүлдеге ие болды

Павлодарлық театр халықаралық фестивальде қос жүлдеге ие болды

Көкшетауда «Сәлем» халықаралық комедиялық театр фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Фестиваль мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы мен халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды. 

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ұжымы байқауға К.Гольдонидің «Венециялық егіздер» комедиясымен қатысты. 

- Нәтижесінде театрымыз «Үздік режиссерлік шешім» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ жазушы-журналист Әскен Набиев атындағы арнайы сыйлықты иеленіп, қос бірдей жүлдені қанжығалады, - деді театрда.

Айта кетейік, фестивальге 9 аталым бойынша Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елінің театрлары қатысты.