Павлодар автокомбинатында қазақ тілін тереңдете оқитын болды

Павлодар автокомбинатында қазақ тілін тереңдете оқитын болды

Басты себеп – облыс орталығында болған келеңсіз оқиға, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Автокомбинат директоры Александр Панченко атап өткендей, кәсіпорында мұндай оқиға алғаш рет орын алуда. Директор мұндай оқиға енді қайталанбайтынына күмән келтірмейді.

- Болған оқиғаға байланысты қазақ тілін оқытуды күшейтеміз, - деді ол. – Бұл келеңсіздік бізге әлі ауқымды жұмыс атқаруға міндетті екендігімізді көрсетті. Мысалы, кәсіпорында қазақ тілінің классы бар, алайда ол белсенді түрде пайдаланылмайды. Кондуктор жолаушыларға қызмет көрсете алатын деңгейде қазақша білуі керектігіне көзіміз жетті. 

Автокомбинатта қазақ тілінің оқытылуын күшейтеді, кондукторлар сөздіктер үлестіріліп, мәдениет басқармасының көмегімен автобустар іші қазақ қайраткерлерінің қанатты сөздері және түсіндірме сөздер жазылған баннерлер ілінеді. Жақында өткен оқиғаның қатысушы кондукторы тілді үйрену курсына бірінші кезекте жолданады, дейді Александр Панченко.

Осының бәрін Александр Панченко Достық үйінде өткен жолаушылар тасымалы саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кеңесте айтты. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Тауасқан айтып өткендей, өңірде қазақ тілін тегін үйрену үшін барлық жағдай жасалған.

Мұндай курстар павлодарлық трамвай басқармасында да бар. Басшысы Мүсілім Махмұдов атағандай, трамвай кондукторларының бәрі қазақша жауап бере алады. Өз кезегінде, Ana Tili орталығының басшысы Шолпан Кинжикова қазақ тілін мәжбүрлеу арқылы емес, қоғамда оны меңгеруге ынтаны ояту керектігіне назар аударды.

Қатысушылар сондай-ақ кондукторлардың стреске төзімділігіне, олардың мәдениеттілігіне де аса зор назар аудару қажеттілігіне ерекше тоқталды.

Естеріңізде болса, жақында Павлодар автобустарының бірінде кондуктор мен бір топ жастар арасында түсініспеушілік орын алған еді.

Фото: автор