Павлодарлық студенттер өртті сөндіруге арналған роботтарды әзірлейтін болады

Павлодарлық студенттер өртті сөндіруге арналған роботтарды әзірлейтін болады

Ол үшін жобалар құрастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы кездесіп, ынтымақтастықтың негізінде өрт қауіпсіздігі саласындағы цифрлық жобаларды талқылады. 

Жоспарда өртті сөндіруге арналған роботтық техниканы жасау және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша бірқатар жобаларды іске асыру сияқты мақсат бар, оларды колледж студенттері мен оқытушылары жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар тараптар ТЖД бөлімшелерінде студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, жас мамандарды ғылыми зерттеулерге тарту және азаматтық қорғау органдарының қызметіне инновацияларды енгізу мәселелерін пысықтады.

Жақын арада жаңа технологияларды іс жүзінде енгізуге және білікті кадрларды даярлауға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.