Павлодарлық кітапханашылар ресейлік әріптестерімен ой бөлісті

Кездесу онлайн форматта өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ресей мен Қазақстан кітапханалары: идеялар мен тәжірибе алмасу» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Онлайн кездесу гибридті форматта өтті. Дөңгелек үстелге Новосібір облысы, Владивосток қаласы, Татарстан Республикасының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген кітапханашылар қатысты.
Қатысушылар түрлі тақырыптарда 11 қызықты баяндаманы тыңдады. Олардың қатарында ұлтаралық ынтымақтастық, кросс-мәдени жобалар мен іс-шаралар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы оқиғаларының тарихи жадысын сақтаудағы кітапханалардың рөлі туралы мәселелер қамтылды.